Classic Blog without Sidebar

Команда
07.09.2026

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

«Жетісу» футбол клубының ұжымы командамыздың шабуылшысы Ануарбеков Нұрболдың әкесінің дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Осындай ауыр сәтте Нұрбол мен оның жақындарына сабыр мен күш-қуат тілейміз. Қайғыңызға ортақпыз. …
Объявление
27.08.2026

ИНТЕРВЬЮ C САНДУГАШ ДУЙСЕНОВОЙ

В связи с повышенным общественным интересом к ситуации ФК «Жетісу» предоставил официальный комментарий представителю СМИ. Интервью состоялось с аккредитованным журналистом, обратившимся в клуб в установленном порядке с предварительным официальным запросом. Со своей стороны клуб предоставил возможность получить необходимую информацию напрямую и услышать позицию клуба без искажений и сторонних интерпретаций. Благодарим журналиста за профессиональный подход, проявленный интерес и соблюдение принципов журналистской этики. ФК «Жетісу» открыт к конструктивному диалогу и уважает работу представителей СМИ, основанную на объективности, достоверности и профессиональной ответственности. Благодарим наших болельщиков за поддержку и доверие. ссылка на интервью: https://www.instagram.com/p/DcgjIvPNSBi/ …
Объявление
25.08.2026

РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ

Әлеуметтік желілерде және жекелеген ақпараттық ресурстарда «Жетісу» ФК шамамен 3 млрд теңге көлеміндегі мемлекеттік тапсырыс бойынша бір айдан астам уақыт бойы есептілік ұсынбай отыр деген ақпарат таратылуда.Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және қоғамды жаңылыстырады.«Жетісу» футбол клубы» қоғамдық қоры қоғамдық қор нысанындағы мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйым болып табылады.Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 15847456-1 қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша, № 82296993-ГСЗ1 лот бойынша «Жетісу» футбол клубы» қоғамдық қоры тиісті қызметтерді жеткізуші болып айқындалды.Мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде 2026 жылғы 14 қаңтарда Жетісу облысының дене шынықтыру және …
Чемпионат
19.08.2026

⚽️ «ЖЕТІСУ» – «ҚАЙСАР» МАТЧЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ

23 тамыз күні өтуі тиіс болған «Жетісу» – «Қайсар» кездесуі кейінге шегерілді. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2026 жылғы 28 шілдедегі хатына сәйкес, 23 тамыз күні Қазақстан Республикасында Құрылтай сайлауының өтуіне байланысты, аталған күнге жоспарланған барлық спорттық жарыстардың өткізілу мерзімі өзгертіледі. Осыған байланысты Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясындағы «Жетісу» – «Қайсар» матчы да кейінгі мерзімге ауыстырылды. 📅 Кездесудің жаңа күні мен басталу уақыты қосымша хабарланады. …
Объявление
11.08.2026

Командамыздың ойыншысы Димаш Қашкеннің шаңырағында ұл дүниеге келді! 👶🏻

💛💙 Қуанышты жаңалық! Димашты және отбасын қуанышты сәтпен шын жүректен құттықтаймыз!Сәбидің бауы берік, дені сау, ғұмыры ұзақ болсын! Отбасына амандық, мол бақыт пен береке тілейміз! 🙌🏻 …
Праздники
28.06.2026

БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🎙📸

Ақпараттың шынайылығы мен жеделдігін қамтамасыз етіп, әрбір сәтті тарихқа айналдырып жүрген барша журналистерді, фотографтарды, операторларды, комментаторларды, редакторларды және медиа саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз арқылы жанкүйерлер футболдың әрбір эмоциясын сезініп, ойынның әрбір сәтіне куә болады. FC ZHETYSU ұжымы атынан шығармашылық табыс, толайым жетістік, тың идеялар мен сарқылмас шабыт тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын! …
Праздники
14.06.2026

🩸 Донор болу — өмірге жанашырлық таныту

Дүниежүзілік донор күніне арналған акция аясында құрметті донорлар Шарипов Қайрат Шакирович пен Чингенжинов Жасұлан Рымжанович «Жетісу» — «Оқжетпес» матчының арнайы қонақтары болды. Олардың әрбір донациясы — біреудің өміріне берілген мүмкіндік. Бүгін біз қан тапсыру арқылы өзгелерге көмектесіп жүрген жандарға құрмет көрсетеміз және олардың игі ісіне алғыс айтамыз. 🙏🏽 …
Вратари
13.06.2026

Бүгінгі «Жетісу» – «Оқжетпес» матчында клубымыздың футбол орталығының түлегі Артур Егоров Қазақстан Премьер-лигасында алғаш рет алаңға шығып, дебют жасады.

Футбол орталығындағы жылдар бойғы еңбек, табандылық пен үлкен мақсатқа деген сенім — бүгін үлкен футболдағы алғашқы қадамға айналды. Клубымыздың басты мақсаттарының бірі — өз тәрбиеленушілерімізге мүмкіндік беріп, оларды үлкен футболға шығару. Артурдың дебюті — клуб академиясында атқарылған жүйелі жұмыстың және жас ойыншыларға көрсетілген сенімнің жарқын нәтижесі. Біздің футбол орталығымыздың тағы бір түлегі енді Премьер-лигада! Дебютің құтты болсын, Артур Егоров! Алда жаңа жетістіктер, жарқын матчтар мен үлкен жеңістер күтіп тұр! 🟡🔵⚽️ …
на верх