Classic Blog with Right Sidebar

Команда
06.04.2026

Туған күніңмен, Мансур! 🎉

Саған мықты денсаулық, сарқылмас энергия және әр ойында жоғары нәтиже тілейміз.Алаңда да, өмірде де өз биігіңді бағындырып, жанкүйерлерді керемет ойынмен қуанта бер! Жетісу жейдесінде сенімді ойын мен жарқын жеңістер көп болсын! 🔥 …
Объявление
04.04.2026

Жанкүйерлердің назарына

11 сәуір күні Алматыда өтетін “Жетісу” – “Елімай” арасындағы маусымның кезекті матчының біздің сектор билеттері сатылымға шықты. Сілтемесі стористе. Жетісудың белсенді жанкүйерлеріне “Хан Тәңірі ” стадионының B және C секторы бөлінген. Билеттер Ticketon сайтында сатылады. …
Объявление
04.04.2026

Қуаныш Мәдиұлы Әжмағамбетовтың дүниеден өтуіне көңіл айтамыз

Талдықорған өнеркәсібінің аңызы, тұтас бір дәуірдің символы болған Қуаныш Мәдиұлы Әжмағамбетовтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ол — тоқырау заманында аккумулятор зауытын сақтап қалып, оны ел мақтанышына айналдырған нағыз «халық директоры» еді. Сонымен қатар, Қуаныш Мәдиұлы өз уақытында «Жетісу» футбол клубына үлкен қолдау көрсетіп, оның қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосты. Оның табандылығы мен жауапкершілігі қаламыз бен спортымыздың өркендеуіне жол ашты. «Жетісу» футбол клубының ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, сабыр тілейді. Оның есімі мен еңбегі ел жадында мәңгі сақталады. …
Праздники
02.04.2026

💐 Наурыз мейрамы құтты болсын!

«Жетісу» Футбол клубы баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Наурыз – бірлік пен тірліктің нышаны,жақсылықтың жаршысы және жаңа жылдың бастауы.Еліміз аман, жұртымыз болып, әрбір жаңа күн әр отбасына оң көңіл-күй сыйлап, үйлеріне бақыт және береке әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! …
Команда
02.04.2026

Туған күніңмен, Мәди!

Саған зор денсаулық, таусылмас күш-жігер және әр ойында сәттілік тілейміз.Алаңда да, өмірде де биік белестерді бағындырып, жанкүйерлерді әлі талай қуанта бер! Жетісу жейдесінде жарқын жеңістер көп болсын! ⚽🔥 …
Праздники
02.04.2026

Ораза айт құтты болсын! 🌙

Қасиетті мереке әр шаңыраққа береке, амандық пен шаттық әкелсін.Жүректеріңіз мейірімге толып, ниеттеріңіз қабыл болсын.Отбасыларыңызға тыныштық, дастархандарыңызға молшылық тілейміз. Айт әрдайым жақсылық пен бірліктің бастауы болсын!🙏🏽 …
Команда
02.04.2026

Ануарбек Шыңғыс дебют жасады.

Кеше өткен матчта клубымыздың футбол орталығының түлегі Ануарбек Шыңғыс, Қазақстан Премьер-лигасында алғаш рет алаңға шығып, дебют жасады. Футбол орталығындағы жылдар бойғы еңбек, табандылық пен үлкен мақсатқа деген сенім — бүгін үлкен футболдағы алғашқы қадамға айналды. Клубымыздың басты мақсатының бірі — өз тәрбиеленушілерімізге мүмкіндік беріп, оларды үлкен футболға шығару. Біздің футбол орталығымыздың ойыншысы енді Премьер-лигада! …
на верх