Author: admin

Праздники
28.06.2026

БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🎙📸

Ақпараттың шынайылығы мен жеделдігін қамтамасыз етіп, әрбір сәтті тарихқа айналдырып жүрген барша журналистерді, фотографтарды, операторларды, комментаторларды, редакторларды және медиа саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз арқылы жанкүйерлер футболдың әрбір эмоциясын сезініп, ойынның әрбір сәтіне куә болады. FC ZHETYSU ұжымы атынан шығармашылық табыс, толайым жетістік, тың идеялар мен сарқылмас шабыт тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын! …
Праздники
14.06.2026

🩸 Донор болу — өмірге жанашырлық таныту

Дүниежүзілік донор күніне арналған акция аясында құрметті донорлар Шарипов Қайрат Шакирович пен Чингенжинов Жасұлан Рымжанович «Жетісу» — «Оқжетпес» матчының арнайы қонақтары болды. Олардың әрбір донациясы — біреудің өміріне берілген мүмкіндік. Бүгін біз қан тапсыру арқылы өзгелерге көмектесіп жүрген жандарға құрмет көрсетеміз және олардың игі ісіне алғыс айтамыз. 🙏🏽 …
Вратари
13.06.2026

Бүгінгі «Жетісу» – «Оқжетпес» матчында клубымыздың футбол орталығының түлегі Артур Егоров Қазақстан Премьер-лигасында алғаш рет алаңға шығып, дебют жасады.

Футбол орталығындағы жылдар бойғы еңбек, табандылық пен үлкен мақсатқа деген сенім — бүгін үлкен футболдағы алғашқы қадамға айналды. Клубымыздың басты мақсаттарының бірі — өз тәрбиеленушілерімізге мүмкіндік беріп, оларды үлкен футболға шығару. Артурдың дебюті — клуб академиясында атқарылған жүйелі жұмыстың және жас ойыншыларға көрсетілген сенімнің жарқын нәтижесі. Біздің футбол орталығымыздың тағы бір түлегі енді Премьер-лигада! Дебютің құтты болсын, Артур Егоров! Алда жаңа жетістіктер, жарқын матчтар мен үлкен жеңістер күтіп тұр! 🟡🔵⚽️ …
Чемпионат
28.05.2026

Серікжан Мужиков Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына шақырту алды.

«Жетісу» ФК ойыншысы Серікжан Мужиков Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына шақырту алды.Бұл — клубымыз үшін үлкен мақтаныш.Серікжанға алдағы ойындарда сәттілік пен жарқын нәтиже тілейміз! ⚡️Қазақстан құрамасы маусым айында Армения және Мажарстан құрамаларына қарсы сырт алаңда екі жолдастық кездесу өткізеді. Ел намысын абыроймен қорға, Серікжан! …
Праздники
27.05.2026

Құрбан айт мерекесі құтты болсын! 🌙

«Жетісу» футбол клубы барша жанкүйерлерді, серіктестерді және футбол қауымдастығын қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Бұл мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Әр шаңыраққа амандық, береке, татулық пен молшылық әкелсін.Жүректеріңізге тыныштық, отбасыларыңызға қуаныш пен бақыт тілейміз.🙏🏽 …
Праздники
01.05.2026

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Бұл күн – татулық пен түсіністіктің, достық пен өзара құрметтің символы. Түрлі ұлт пен мәдениетті бір шаңырақ астына біріктірген еліміздің басты байлығы – бірлігіміз бен ынтымағымыз. “ЖЕТІСУ” футбол клубы барша жанкүйерлерді, серіктестерді және қазақстандықтарды осы мерекемен шын жүректен құттықтайды! Бірлігіміз бекем, еліміз аман, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!Ортақ мақсат жолында әрдайым бірге болайық! …
Трансфер
29.04.2026

Қош келдің, Луна Флорес!

«Жетісу» футбол клубы қорғаушы Луна Флореспен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлайды. Футболшы шетелдік чемпионаттармен қатар Ресейдің Балтика және Химки клубтарында өнер көрсетіп, жоғары деңгейде тәжірибе жинаған. Ол қорғаныста сенімді ойынымен, физикалық дайындығымен және ойын оқи білу қабілетімен ерекшеленеді. Луна Флорес команданың қорғаныс шебін күшейтіп, алға қойған мақсаттарға жетуге өз үлесін қосады деп сенеміз. «Жетісу» клубына қош келдің! …
на верх