РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ

Әлеуметтік желілерде және жекелеген ақпараттық ресурстарда «Жетісу» ФК шамамен 3 млрд теңге көлеміндегі мемлекеттік тапсырыс бойынша бір айдан астам уақыт бойы есептілік ұсынбай отыр деген ақпарат таратылуда.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және қоғамды жаңылыстырады.
«Жетісу» футбол клубы» қоғамдық қоры қоғамдық қор нысанындағы мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 15847456-1 қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша, № 82296993-ГСЗ1 лот бойынша «Жетісу» футбол клубы» қоғамдық қоры тиісті қызметтерді жеткізуші болып айқындалды.
Мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде 2026 жылғы 14 қаңтарда Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Жетісу» футбол клубы» қоғамдық қоры арасында № 220740005556/260001/00 қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.
Шарттың мәні кәсіби, жастар және әйелдер командаларын, Футбол орталығын ұйымдастыру және даярлау жөніндегі кешенді қызметтерді көрсету, сондай-ақ олардың 2026 жыл бойы ресми жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
Шарттың бастапқы сомасы 2 811 249 999,99 теңгені құрады.
Бұл ретте көрсетілген сома клубқа бір мезетте толық көлемде аударылмайды.
Қаржыландыру бекітілген шығыстар сметасына және оның ай сайынғы бөлінісіне сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ай сайын клуб қаржыландыруға өтінім беріп, мәлімделген шығыстарды растайтын құжаттарды, оның ішінде шарттарды, шоттарды, іссапар шығыстарын, жалақы ведомостарын және өзге де қаржылық құжаттарды ұсынады.Спорт басқармасы клуб ұсынған құжаттарды, мәлімделген шығыстарды мұқият тексеріп, шартта көзделген көрсетілген қызметтерді қабылдау рәсімі толық аяқталғаннан кейін ғана тиісті кезең үшін ақшалай қаражатты аудару арқылы ай сайынғы қаржыландыруды жүзеге асырады.
Осылайша, клуб шамамен 3 млрд теңгені өз иелігіне толық көлемде алып, кейін ол бойынша есептілік ұсынбай отыр деген түсінік мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың нақты тетігін бұрмалап көрсетеді.
Жыл бойы Спорт басқармасы, сондай-ақ облыстың қаржы және экономика саласындағы уәкілетті органдары қаражаттың пайдаланылуын бақылау мақсатында клубтан мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Клуб қажетті ақпаратты уақтылы ұсынады және өзара іс-қимылға, сондай-ақ заңнамада белгіленген бақылауға ашық.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 14 шілдеде қаржыландыру көлемі ресми түрде 198 242 999,99 теңгеге қысқартылды. Нәтижесінде шарт сомасы 2 811 249 999,99 теңгеден 2 613 007 000 теңгеге дейін азайтылды.
Маусым барысында қаржыландыру көлемінің қысқаруы клубтан бұрын бекітілген жоспарларды қайта қарауды, жекелеген шығыстарды түзетуді және қосымша ұйымдастырушылық шешімдер қабылдауды талап етті. Мұндай өзгерістер клубтың алдына қойылған спорттық және ұйымдастырушылық міндеттерді орындау мүмкіндіктеріне объективті түрде әсер етеді және белгілі бір дәрежеде оның ағымдағы жұмысы мен нәтижелеріне ықпалын тигізеді. Клубтың тәуелсіз аудитіне қатысты жағдайға да жеке түсініктеме беруді қажет деп санаймыз.
Аудиторлық тексерудің бастамашысы да, тапсырыс берушісі де «Жетісу» ФК-ның өзі болды.
2026 жылғы 10 маусымда клуб қаржы-шаруашылық қызметінің жекелеген мәселелерін тексеру үшін тәуелсіз аудиторлық ұйыммен өз бастамасы бойынша шарт жасасты.
Аудиттің жүргізілуі анықталған қандай да бір бұзушылықтардың салдары немесе сырттан тағайындалған тексеру болып табылмайды. Бұл – клубтың қаржы-шаруашылық қызметіне тәуелсіз баға беруге, ашықтықты арттыруға және одан әрі коммерцияландыруға дайындалуға бағытталған саналы қадамы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев футбол клубтарын жекешелендіру үдерісін жеделдету және футболды одан әрі коммерцияландыру қажеттігін атап өтті.
«Жетісу» ФК осы міндетті іске асыру бағытында нақты практикалық қадамдар жасап келеді. Бүгінгі таңда клуб клубтың жеке секторға өтуіне және оны одан әрі дамытуға мүдделі әлеуетті жеке инвесторлармен нақты жұмыстар жүргізуде.
Дәл осы коммерцияландыруға дайындық шеңберінде клуб, соның ішінде, қаржы-шаруашылық қызметіне тәуелсіз аудит жүргізуді өз бастамасымен қолға алды.
Бұл ретте тәуелсіз аудит материалдары құпия сипатқа ие, ал оларды ашу және үшінші тұлғаларға беру тәртібі аудиторлық ұйыммен жасалған шарттың талаптарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Сондықтан мемлекеттік тапсырыс бойынша есептілік пен тәуелсіз аудит материалдарын нақты ажырата білу қажет. Бұл – мақсаттары мен құқықтық негіздері әртүрлі екі бөлек рәсім. Шарт, оның сомасы, қаржыландыру тәртібі, көрсетілген қызметтерді қабылдау және кейіннен қаржыландыру көлемінің қысқартылуы туралы негізгі мәліметтердің барлығы ресми құжаттарда көрсетілген.
Сол себепті мұндай резонансты тұжырымдар жарияланар алдында аталған мән-жайлардың тиісті деңгейде тексерілмегені және клубтың ресми ұстанымы анықталмағаны түсініксіз жағдай туғызады.
Нәтижесінде қоғамға толық емес әрі бұрмаланған ақпарат ұсынылып, бұл клубтың айналасында жағымсыз ақпараттық ахуал қалыптастырды және «Жетісу» футбол клубы» қоғамдық қорының іскерлік беделіне кері әсер етті.
Мұндай мәліметтерді фактілерді тиісті деңгейде тексерместен жариялау кәсіби емес және жауапсыз көзқарасты көрсетеді, қоғамды жаңылыстыруға және клубтың іскерлік беделіне нұқсан келтіруге қабілетті.
«Жетісу» ФК ресми түрде ұсынатын барлық мәлімет тиісті құжаттармен расталады.
Сонымен қатар қалыптасқан ақпараттық ахуал спорттық үдеріске және клубтың ағымдағы қызметіне ешқандай әсер етпейді. Командалар штаттық режимде жұмысын жалғастыруда, оқу-жаттығу және ұйымдастырушылық үдерістер толық көлемде жүзеге асырылуда, ал негізгі команда алдағы матчқа дайындыққа бар назарын аударып отыр.
Біздің жанкүйерлерімізді және «Жетісу» ФК-ға бейжай қарамайтын барша азаматтарды команданы қолдауға және ең алдымен ресми әрі тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырамыз.
Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды тұлғаның шындыққа сәйкес келмейтін және оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығаруды талап етуге, сондай-ақ оны қорғаудың заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін қолдануға құқығы көзделген.
«Жетісу» ФК ресми түрде ұсынған әрбір ақпарат үшін жауап береді және қоғамды ақпараттандыру жауапкершілігін өз мойнына алған тұлғалардан да фактілерді тексеруге дәл сондай кәсіби әрі жауапты көзқарас күтеді.
Жанкүйерлерімізге қолдаулары үшін алғыс айтамыз. Команда жұмысын жалғастырып, келесі ойынға дайындалуда.

В социальных сетях и отдельных информационных ресурсах распространяются сведения о том, что ФК «Жетісу» якобы более месяца не предоставляет отчетность по государственному заказу на сумму около 3 млрд тенге.
Данная информация не соответствует действительности и вводит общественность в заблуждение.
ОФ «Футбольный клуб «Жетісу» является негосударственной некоммерческой организацией в форме общественного фонда.
По итогам государственных закупок услуг в рамках государственного социального заказа №15847456-1 от 31 декабря 2025 года, по лоту №82296993-ГСЗ1, ОФ «Футбольный клуб «Жетісу» был определен поставщиком соответствующих услуг.
На основании результатов закупки 14 января 2026 года между Управлением физической культуры и спорта области Жетісу и ОФ «Футбольный клуб «Жетісу» был заключен договор о государственных закупках услуг № 220740005556/260001/00.
Предметом договора является оказание комплекса услуг по организации и подготовке профессиональной, молодежной и женской команд, Футбольного центра, а также обеспечение их участия в официальных соревнованиях в течение 2026 года.
Первоначальная сумма договора составляла 2 811 249 999,99 тенге.
При этом указанная сумма не перечисляется клубу единовременно.
Финансирование осуществляется поэтапно в соответствии с утвержденной сметой расходов и ее помесячной разбивкой. Ежемесячно клуб подает заявку на финансирование и представляет подтверждающие документы по заявленным расходам, в том числе договоры, счета, командировочные расходы, зарплатные ведомости и иные финансовые документы.
Только после тщательной проверки Управлением спорта предоставленных клубом документов, заявленных расходов и прохождения предусмотренной договором процедуры приемки оказанных услуг Управление спорта осуществляет ежемесячное финансирование путем перечисления денежных средств за соответствующий период.
Таким образом, представление ситуации так, будто клуб получил в свое распоряжение около 3 млрд тенге, а затем не предоставляет по ним отчетность, искажает фактический механизм финансирования государственного заказа. В течение года Управление спорта, а также уполномоченные органы области в сфере финансов и экономики запрашивают у клуба сведения и документы в целях контроля использования средств. Клуб своевременно предоставляет необходимую информацию и открыт для взаимодействия и установленного законодательством контроля.
Кроме того, 14 июля 2026 года объем финансирования был официально сокращен на 198 242 999,99 тенге. В результате сумма договора уменьшена с 2 811 249 999,99 тенге до 2 613 007 000 тенге.
Сокращение финансирования непосредственно в ходе сезона потребовало от клуба пересмотра ранее утвержденных планов, корректировки отдельных расходов и принятия дополнительных организационных решений. Подобные изменения объективно влияют на возможности клуба при решении поставленных спортивных и организационных задач и в определенной степени отражаются на его текущей работе и результатах.
Отдельно считаем необходимым разъяснить ситуацию с независимым аудитом клуба.
Инициатором и заказчиком аудиторской проверки выступил сам ФК «Жетісу».
10 июня 2026 года клуб самостоятельно заключил договор с независимой аудиторской организацией на проверку отдельных вопросов финансово-хозяйственной деятельности.
Проведение аудита не является следствием выявленных нарушений или назначенной извне проверки. Это осознанный шаг самого клуба, направленный на независимую оценку финансово-хозяйственной деятельности, повышение прозрачности и подготовку к дальнейшей коммерциализации.
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев обозначил необходимость ускорения приватизации футбольных клубов и дальнейшей коммерциализации футбола.
ФК «Жетісу» уже предпринимает конкретные практические шаги по реализации данной задачи. На сегодняшний день клуб ведет предметную работу с потенциальными частными инвесторами, заинтересованными в переходе клуба в частный сектор и его дальнейшем развитии.
Именно в рамках подготовки к коммерциализации клубом, в том числе, был самостоятельно инициирован независимый аудит финансово-хозяйственной деятельности. При этом материалы независимого аудита имеют конфиденциальный характер, а порядок их раскрытия и передачи третьим лицам определяется условиями договора с аудиторской организацией и законодательством Республики Казахстан.
Поэтому отчетность по государственному заказу и материалы независимого аудита необходимо четко разделять. Это разные процедуры, имеющие разные цели и правовые основания.
Все основные сведения о договоре, его сумме, порядке финансирования, приемке услуг и последующем сокращении финансирования содержатся в официальных документах.
Именно поэтому вызывает недоумение, что перед публикацией громких выводов данные обстоятельства не были должным образом проверены, а официальная позиция клуба не была выяснена.
В результате общественности была представлена неполная и искаженная картина, которая сформировала вокруг клуба негативный информационный фон и негативно отразилась на деловой репутации ОФ «Футбольный клуб «Жетісу».
Публикация подобных сведений без надлежащей проверки фактов свидетельствует о непрофессиональном и безответственном подходе, способном вводить общественность в заблуждение и наносить ущерб деловой репутации клуба.
Все официально предоставляемые ФК «Жетісу» сведения подтверждаются соответствующими документами.
При этом сложившийся информационный фон никак не влияет на спортивный процесс и текущую деятельность клуба. Команды продолжают работу в штатном режиме, тренировочный и организационный процессы осуществляются в полном объеме, а основная команда сосредоточена на подготовке к предстоящему матчу. Призываем наших болельщиков и всех, кому небезразличен ФК «Жетісу», поддерживать команду и ориентироваться прежде всего на официальную и проверенную информацию.
Законодательством Республики Казахстан предусмотрено право юридического лица требовать опровержения сведений, не соответствующих действительности и порочащих его деловую репутацию, а также использовать иные предусмотренные законом способы ее защиты.
ФК «Жетісу» отвечает за каждую официально предоставленную информацию и вправе ожидать такого же профессионального и ответственного отношения к проверке фактов от тех, кто берет на себя ответственность информировать общественность.
Благодарим наших болельщиков за поддержку. Команда продолжает работу и готовится к следующей игре.

Share

Leave a comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

на верх